929

Эфирде 30 сағат: Елордалық радио Қазақстан рекордын орнатуды жоспарлап отыр

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Orda FM" радиосы елорда әкімдігінің қолдауымен ел рекордын (Қазақстанның рекордтар кітабы) орнатып, эфирде 30 сағат болуды жоспарлап отыр. Тікелей эфир таңғы сағат 8-ден бастап "Бәйтерек" монументінде орнатылған көшпелі студиядан жүргізіледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

"Бәйтерек" монументінен тікелей эфир 30 сағат бойы жүргізіледі. Осылайша, кейбір жүргізушілердің үздіксіз радио эфир ұзақтығы бойынша Қазақстанның рекордын орнату жоспарлануда.

Студия қонақтары ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан белгілі мәдениет, өнер, спорт, музыка қайраткерлері болады.

Эфирге қатысушылар қатарында Алтынай Жорабаева, Аргоня, Салтанат Серкебаева, Алексей Лодочников, Индира Жандашова, Серік Сәпиев, Дос, Мұхит Тұрсынов және т.б. бар.

Тікелей эфир 13 желтоқсанда таңғы 8-де басталып, 14 желтоқсанда сағат 14:00-де аяқталады.

Айта кетейік, марафон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109