1062

Білім саласының мамандары Қазақстан халқын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады

Еліміздің білім саласының мамандары Қазақстан халқын алдымызда келе жатқан айрықша мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті, елордалықтар! Баршаңызды келе жатқан 16 желтоқсан – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз қалай өсіп-өркендесе, 30 жылдықта білім саласы да солай дамыды. Білім саласында жеткен жетістіктеріміз өте көп. Мысалы орта білімді алар болсақ, елордамыздың командасы соңғы жылдары халықаралық олимпиадаларда биік тұғырдан түспей келеді. Кәсіптік-техникалық білім саласын алар болсақ, егемендіктің алғашқы жылдары 11 оқу орны ғана болатын, ал қазір саны 35-ке жетті. Олардың саны ғана емес сапасы да артты. Мұның бәрі егемендіктің арқасы.

Құрметті ұстаздар, студенттер, елордалықтар! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Елімізден бірлік кетпесін! Еліміз мәңгілік болсын!» - деді Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры Зұлфұхар Ғайыпов.

BTS Education жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек сөз басында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен ашылған «Болашақ» бағдарламасының маңызы туралы қозғап өтті.

«Құрметті отандастар, қадірлі елорда тұрғындары, тәуелсіздік бұл өмірдегі ең құдіретті сөз. Ал қазіргі заманда тәуелсіздіктің бірден бір нышаны, кепілі – ғылым мен білім. Елбасымыз тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бері білімге, ғылымға, жастарды тәрбилеуге, технологиялар мен жаңалықтарды, инновацияларды елге әкелуге өте үлкен еңбек сіңірді. Өздеріңіз білетіндей, «Болашақ» бағдарламасы егемендіктің сонау алғашқы жылдары басталған. Шетелде ең мықты, дамыған университеттерде оқып келген жастарымыз аяққа тұрып, болашаққа, ғылымға, технологияға, үлкен жетістіктерге деген тікелей байланысы бар ұрпақ тәрбиеленді. Сол ұрпақ 30 жылдық емес, мыңжылдық, мәңгілік кепілі.

Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Отбасыларыңыз аман болсын! Ел ағалары аман болсын! Әрбір қазақстандық осы құдіретті сөзді бағалай білейік!» - деді BTS Education жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109