1154

Елордада 350-ден астам медицина қызметкері 16 желтоқсан қарсаңында медальдармен марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордалық медицина ұйымдарының дәрігерлері, орта және кіші буын қызметкерлері арасында 350-ден астам маман түрлі медальдармен, наградалармен марапатталды.

Олардың арасында 98 адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін алды. Тағы 7 адам мемлекеттік наградаларға, 3 адам «Халық алғысы» медаліне ие болды.

13 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен көпсалалы медициналық орталықтың директоры Мұхтар Төлеутаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.

Ел Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі елордалық медицинаның үш қызметкеріне, сол сияқты «Шапағат» медалімен елордалық медициналық мекемелердің үш қызметкеріне табысталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «Алтын жүректі жандар» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт түрлі мамандықтар ұжымына Алғыс білдіру үшін ұйымдастырылды.

«Алтын жүректі жандар» номинациясына 5 медицина қызметкері ие болды. Олардың бірі жедел медициналық жәрдем станциясында жүргізуші болып жұмыс істейді, тағы бір номинант – №3 көпбейінді қалалық аурухананың пульмонология бөлімшесінің аға медбикесі. Марапатқа №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының санитарлық қызметкері, шаруашылық бикесі және көпбейінді медициналық орталықтың анестезиолог–реаниматологы ие болды.

Денсаулық сақтау саласының тағы 75 қызметкері ведомстволық наградалар, «Еңбек ардагері» медалі және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Құрмет грамотасы 87 медицина қызметкеріне, сол сияқты 100 маманға құрмет грамотасы мен басқарма басшысының Алғыс хаты табыс етілді.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109