1388

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай: осы аптада елордада 40-тан астам мәдени іс-шара өтеді

Осы аптада елорданың мәдениет мекемелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 40-тан астам түрлі іс-шара өткізеді. Көрмелер, спектакльдер, дәрістер, концерттер мен байқаулар офлайн және онлайн режимде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы аптада М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры үш қойылым қояды. 14 және 15 желтоқсан күндері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларынан «Крылатая исповедь вольных сердец» атты музыкалық-поэтикалық композициясын көруге болады. 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де және 14:00-де жас көрермендер үшін М.Супониннің «Коза-Дереза» ертегісін дайындап отыр. 18 және 19 желтоқсанда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры А.Островскийдің «Гроза» драмасын ұсынады.

«Жастар» театры 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де және 14:00-де А.Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» ертегісіне шақырады.

Ертең «Наз» мемлекеттік би театрында «Гендерлік теңдік саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында дәріс өтеді. 15 желтоқсан күні сағат 17:00-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Зағипа Иманғазының «Бабалар салған сара жол» атты концерті өтеді.

16 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Nomad City Hall» сахнасында Тәуелсіздік күніне арналған «Жас Абай» спектаклі көрсетіледі.

Музыкалық жас көрермен театры 14 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Золушка» музыкалық ертегісіне шақырады. Күндіз көрермендерді «Шәмші» мюзиклі күтіп тұр. 17, 18 және 19 желтоқсанда дәл осы театрда «Шанель №5» деректі драмасының премьерасын ұсынады. Спектакль Алжирдегі ұлттық интеллигенция әйелдерінің қайғы-қасіреті туралы шынайы әңгімелерге негізделген.

Елордалық қуыршақ театры 16 желтоқсан күні сағат 14:00-де және 16:00-де С.Жүнісовтің «Атамекен» драмасын көрсетеді. 18 және 19 желтоқсанда театр әртістері «Жаңа жыл ғажайыптары» қуыршақтар шоуымен өнер көрсетеді.

«Жастар» сарайы әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында осы аптада «Юбиляр 2021» шолу-танымдық викторинасын, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған онлайн суреттер көрмесін өткізеді.

16 және 17 желтоқсанда Астаналық цирк Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Астаналық цирк есігін айқара ашады» қайырымдылық цирк бағдарламасын ұйымдастырады.

15 желтоқсанда «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» онлайн конкурстарының жеңімпаздарын марапаттайды.

15 және 16 желтоқсанда АЛЖИР саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешені «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» онлайн дәрісін және «Желтоқсан қаһарманы» тақырыбында слайдтар көрмесін дайындайды.

Осы аптада Сәкен Сейфуллин мұражайы да онлайн форматта бірқатар іс-шара ұйымдастырады. Оның ішінде дәстүрлі бейнеэкскурсия, «Қасиетіңнен айналдым - Тәуелсіздік» әдеби кеші, «Желтоқсан қаһармандары және Тәуелсіздік» онлайн-фотокөрмесі, «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі бар.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция жоспарлаған іс-шаралар тізімінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихы» дәрісі, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» онлайн-сабағы, «Ұлы Дала Елі монументі» онлайн-экскурсиясы бар.

Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлімшелері де 20-дан астам іс-шара өткізуде. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорда кітапханалары көрмелер, тарих сабақтарын, ақпараттық сағаттарды, онлайн-суреттер байқауын, ақындар сайысын өткізеді.

Барлық жоспарланған іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109