1408

Елордада медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен жүргізушілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сала мамандары марапатталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Адами капитал — басты құндылық. Қалаға қарасты барлық ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қаланың тыныс-тіршілігі қамтамасыз етіледі. Әр қызметкер қаланың олан әрі дамуына үлесін қосады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтер, инженерлер, машинистер және т. б. мемлекеттік наградаларға ие болды.

"Парасат" орденімен мұғалім Л.Алиева, "Ерен еңбегі үшін" медалімен учаскелік дәрігер-терапевт Г. Қалибекова, еңбек ардагері Б. Қасымбеков, жазушы О. Тұржан, "Шапағат" медалімен жедел медициналық жәрдем жүргізушісі Т. Вергунова және бірқатар медицина қызметкері марапатталды. Сондай-ақ, мәдениет қайраткерлері "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен - "Астана Су арнасы" инженер-жылутехнигі М. Абдрахманов, №1 автопарк жүргізушісі К.Набиев, 2-ЖЭО аға машинисі Р. Тухватуллин, "Астана Тазалық" жүргізушісі Н. Қуанышев, "Астана қалалық жарық" автоэлектригі Ю. Чехко марапатталды.

Сондай-ақ, қала мен елдің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқандар ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, ҚР Құрмет грамоталарымен және т. б. Марапатталды», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109