1192

Мәдениет қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Қазақстанның мәдениет қайраткерлері ел тұрғындарын келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы армандаған егемендігіміздің биыл 30 жылдығы. Осынау мерейлі той елімізге, бүкіл қазақ еліне жақсылығымен, берекесімен, мерекесімен келсін дейміз. Әрбір шаңырақта тек қана шаттықты той болсын! Әрбір ата-ана ұл-қыздарының жетістіктеріне қуансын! Еліміз өсіп-өніп, өркендеп, әлемнің ең алпауыт елдерімен қатар тең дәрежеде өсіп өркендей берсін дегім келеді. Ұлан ғайыр даламызда жеңісті, жемісті күндер көп болсын! Бақытты ұл-қыздардың жүзінен шаттықтың лебі кетпесін! Еңбектің жемісін көрейік! Аспанымыз ашық болсын! Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Қазақстанның мың жылдығын тойлайтын күндерді ұрпақтарымыз көрсін!» - деді ҚР мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев.

Өз кезегінде әнші ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева егемендіктің оңайлықпен келмегенін айрықша атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бүкіл Қазақстан халқы үшін үлкен мереке. Осындай айтулы мерекемен барша халқымызды, отандастарымызды құттықтаймын! Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, мәңгілік болсын! Егемендігімізді тойлау бір басқа, ал оны сақтап, келесі ұрпаққа аманттау мүлдем бөлек, үлкен жауапкершілік. Еліміз өркендеп өсе берсін!» - деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.

Әнші Досымжан Таңатаров елдің дамуына егемендіктің қосқан үлесі зор екенін мәлім етті.

«Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Біз 1992 жылы мектеп бітірдік. Елмен бірге өсіп-өркендеген азамат болдық. Оқуымызды тәмамдап, дипломымызды алған тұста елдің азаматы ретінде жаңадан бой көтерген елордамызға өз үлесімді қосу үшін 2000 жылдан бері тұрып келемін. Әрине егемендігіміздің символы, айғағы, дамып жатқан мемлекет ретінде елордамыздың алар орны ерекше. Көз алдымызда елордамыз қалай өскен болса, біз де сол тәуелсіз елмен бірге азаматы болып қалыптастық. Сөзсіз оған осы елдің тыныштығы, осы елдің дамуы, әрбір жеткен жетістігі көз алдымызда өтіп жатыр.

Осы тәуелсіздігіміз баянды, ғұмырлы болсын! Елдің тыныштығы бұзылмай, өсіп-өркендеген, әлем тамсанған үлкен мемлекеттердің қатарына қосылуды Алла бізге нәсіп етсін! Мереке құтты болсын!» - деді «Жастар» театры директорының орынбасары, әнші Досымжан Таңатаров.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109