1772

Елордалық "Elorda Korshiler" бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Елордада "Elorda Korshiler" ішінара күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін үйлердің тізілімін жасау бойынша қалалық бағдарлама әзірленді. Бағдарлама Мемлекет Басшысының Жолдауын орындау аясында жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қатысу үшін құжаттарды келесі шарттарды сақтай отырып тапсыруға болады:

- ҚР азаматтығының болуы;

- МИБ төрағасы немесе ЖС сенімді тұлғасы (тіркеу туралы анықтама, қарапайым сенімхат);

- үй кеңесінің бекітілген құрамының болуы (кемінде үш адам);

- ЕДБ-де екі шоттың болуы (ағымдағы, жинақ);

- 20% аспайтын дебиторлық берешек;

- ЖС нысаны кезінде басқарушы сертификатының болуы;

- Бекітілген шығыстар сметасының болуы;

- Сервистік қызмет субъектілерімен қызмет көрсету шарттарының болуы.

Бағдарламаға тек МИБ немесе ЖС басқарудың бекітілген нысандары бар үйлер қатыса алады.

Болжамды шығындарды объективті бағалау үшін ішінара күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет ететін үйлердің бірыңғай тізілімі қалыптастырылады.

Сондай-ақ, мамандар жаңғырту бағдарламасы мен "Elorda Korshiler" арасындағы айырмашылықты түсіндірді.

Жаңғырту бағдарламасы бүкіл үйдің күрделі жұмыс түрлерін жақсартуға және жүргізуге бағытталған. Операторы - "Өркен қала". Оған барлық үйлер қатыса алады, ол үшін мүлік иелерінің 2/3-тен астамы келісуі қажет.
"Elorda Korshiler" бағдарламасы тек МИБ-ті немесе ЖС басқару нысандарынан өтінімдерді қарастырады, мүлік иелері қатарынан үй кеңесі мүшелерінің құрамын төрт көрсеткіштің біреуі бойынша ғана бекітеді: шатыр, жылу тораптары, абаттандыру, қасбет.

Егер үйде МИБ немесе ЖС болмаса, үй тізілімге кірмейді.

Бұл мәселедегі алғашқы қадам меншік иелерінен өтінім беру болуы тиіс.

Өтінімдер "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес https://4osi.kz/ru/elorda-korshiler сілтемесі бойынша қаралады.

Көп пәтерлі тұрғын үйді қанағаттанарлықсыз күтіп-ұстаудың барлық мәселелері бойынша Республика даңғылы, 32 мекенжайына жүгінуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109