1644

Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан қаласында биыл қоғамдық көлік саласында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Жыл басынан бері қанша көшеге автобус жолағы енгізілді? Қанша жаңа бағыттағы маршрут іске қосылды? Қала тұрғындары мен қонақтары биыл қоғамдық көліктерге қанша рет отырды? Қала әкімдігі ресми сайтының редакциясы осы және өзге де сауалдарға жауап іздеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 100 электробус сатып алынды. Ал келер жылы тағы 100 сатып алу жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 5 жаңа маршрут іске қосылды. Олар:

№30 («Өндіріс»

т/а - Greenline);

№ 45 («Үркер» т/а – Алаш тас жолы);

№69 (қалалық зират – Ақан Сері көшесі («Рахмет» СҮ);

№26 («Агроқалашық» т/а – «Қазақстан» ТК);

№ 323 («Лесная Поляна» т/а – Назарбаев Университеті).

Қазіргі уақытта елордада 94 маршрут бар. Олардың арасында №46, 51, 10, 9, 40, 37, 24, 56 бағыттағы автобустар тұрғындар арасында сұранысқа аса ие.

Қалада жыл басынан бері жалпы жолаушылар ағыны 143 миллионнан астам сапарды құрады. Бүгінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық көліктерде жолаушылар денсаулығының қауіпсіздігі үшін бетперде режимі енгізілді. Автобус салондарында антисептиктер орнатылған.

Әрбір автобус соңғы аялдамаға келгеннен кейін салоны міндетті түрде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді, сонымен қатар ауысымнан кейін толық дезинфекция өтеді.

Бүгінгі таңда елордада Bus Lane жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын 26 көше учаскесінде іске қосылды. Биыл бөлінген Bus Lane жолақтары көшелердің 8 учаскесінде енгізілген. Бұл Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан, Абылай хан (қарбалас уақытта) даңғылдары мен көшелері және Мұхамедханов көшесі.

Елордада бүгінгі таңда барлығы 6 автобус паркі бар, оның 5-еуі жекеменшік, 1-еуі коммуналдық. Күн сайын желіге 869 бірлік автобус шығады. Таңғы және кешкі қарбалас уақыттарда желіге автобустардың ең көп саны шығарылады.

Бас қалада алдағы жылы тағы 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр.

Ал жүргізушілер мен тексерушілер «CTS біліктілік орталығында» біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Жұмысқа қабылдау кезінде де жүргізушілер міндетті түрде CTS көлік мамандарының біліктілік орталығында оқудан өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109