1348

Елорданың бас онкологы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас онколог Мұхтар Есжанұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Пандемияның негізгі соққысы медицина қызметкерлеріне тиді. Алғашқы күннен бастап олар алдыңғы шепте коронавируспен күресті. Қала тұрғындарын аталмыш инфекциядан бөлек басқа аурулардан да емдейді. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының медицина ұйымдарының дәрігерлері, орта және кіші буын қызметкерлері жалпы 350-ден астам маман түрлі медальдармен, наградалармен марапатталды.

Мұхтар Есенжанұлы қаламыздың бас онколог маманы. Оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Пандемия басталғалы бері Мұхтар Есенжанұлы науқастарды емдеу үшін төсек-орындар дайындап, шетелден келген алғашқы науқастарды қабылдады, жаңа инфекциялық стационардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Ол басқаратын көпбейінді медициналық орталық COVID-19 инфекциясынан 15 мыңнан астам науқасты емдеді.

Сонымен қатар, үйлесімді жұмыстың арқасында орталықтың онкологиялық бөлімшесінің жұмысы бір күнге тоқтаған жоқ. Онкологиясы бар 8 мыңнан астам пациент емделді, 3 мыңнан астам операция жасалды. Карантин кезінде онкопациенттерге дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша инсульт орталығы ашылды, ол жоспарлы және шұғыл пациенттерді қабылдайды.

Елорданың бас онкологын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтаймын! Мұхтар Есенжанұлы тағы да жүздеген науқасты аяққа тұрғызатынын білемін!

Ел басшылығы медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109