5104

Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылады

Елордада 16 желтоқсан күні Пригородный елді мекенінде техникалық режимде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылады. Ауданы 7000 шаршы метр сауда орталығында 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет ете алады. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базар бағасынан төмен болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бірінші және әзірге жалғыз жыл бойғы жәрмеңкесінде азық-түлік тауарларының барлық түрі – ет, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, бакалея, жарма және нан-тоқаш өнімдері сатылатын болады. Мұнда жергілікті өндіріс өнімдері, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Ақмола және өзге де облыстардың ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады. Сауда орталығының жұмысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені азық-түлік бағасы нарықтан төмен әрі қосымша жұмыс орындарын ашады.

Мұндай жәрмеңкеге қатысу кәсіпкерлер үшін де тиімді. Сауда орталығы жұмысының алғашқы үш айында орындар тегін беріледі деп жоспарланып отыр. Бұдан әрі жалдау ақысы жеңілдікті тариф бойынша алынатын болады, ол тек коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды жабуға ғана бағытталатын болады.

Әуежай аумағында тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңкесі бар сауда орталығының ашылуы Big Шанхай сауда орталығында пайда болатын жол трафигін азайтуға мүмкіндік береді. Қала маңындағы сауда орталығы 50 000 астаналық тұрғынды қамтиды.

Айта кетейік, жыл бойы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін сауда орталығы «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109 ғимаратта (әуежай жағында) орналасқан. Азық-түлік тауарларын жәрмеңке арқылы өткізуге мүдделі кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109