1286

Несіпбек Айтұлы: Тәуелсіздік – ұлы той, елдің бақыты

Еліміздің білім-ғылым, өнер жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тәуелсіздік алып, туымызды тігіп, ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – ұлы той, ұлттың, елдің бақыты. Осы ұлы күнді ата-бабамыз, кешегі Алаш арыстары, ұлтын сүйген ұлдар қаншама ғасыр күтті. Осы жолда қаншама қан, көз жасы төгілді. Бүгін міне Нұр-Сұлтан қаласының төріне, бүкіл қазақ халқына, қазақстандықтарға сәлем жолдап, осынау ұлы мерекемен құттықтағым келеді. Келер жылы елорданың арқа төріне көшкеніне 25 жыл толмақ. Бұл екі тойды бөліп-жаруға болмайды. Екеуі де ұлы той.

Бұл біздің ортақ қуанышымыз, елдік мұратымызға жеткендігіміздің белгісі. 30 жыл бекер кеткен жоқ. Осы аралықта үлкен жетістіктерге жеттік. Осы қуанышпен, жеңіспен қалың елді құттықтағым келеді», - деді ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Несіпбек Айтұлы.

Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Сыдықов егемендіктің ел дамуындағы маңызына тоқталып өтті.

«Аса қымбатты қазақстандықтар, сіздерді келе жатқан ең ұлық, қасиетті мереке – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аз уақыттың ішінде сарыарқаның төрінен қала тұрғызып, төрткүл дүниеге елімізді баян етті, аян етті. Бұл Тұңғыш Президентіміздің арқасы екенін айтуымыз керек. Шекара шегенделді, тарих түгенделді, рухымыз күшейіп жатқан жағдайымыз бар. Ал енді сарыарқаның төрінде астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерген болса, сол астанамыздың дәл ортасынан ЕҰУ орын алды. Аз уақыттың ішінде оқу орнымыз әлемдік дәрежеде үлкен орнын алып, өсіп келеді. Осының бәрі аз уақытта қолжеткен табысымыз. Табысымызды күшейте берейік! Қазақстан мәңгі жасай берсін!» - деді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Сыдықов.

Ал айтыскер ақын Әсем Ережеқызы егемендік жолында Алаш арыстары өзін құрбан еткенін тілге тиек етті.

«Аса қадірлі, қазақ елінің азаматтары, баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз аңсаған, Алаш арыстары осы жолда өзін құрбан еткен аяулы азаттығымыз мәңгі болсын! Татулық пен бірлік негізінде құрылған мемлекетіміздің саяси-экономикалық күш-қуаты артып, әлемнің озық мемлекеттерінің сапында көріну нәсіп болғай! Еліміздің іргесі аман болып, Ұлы дала төсінде мәңгілік бейбітшілік салтанат құрсын!» - деді айтыскер ақын Әсем Ережеқызы.

Актер Дәурен Серғазин тәуелсіздік жылдары мәдениет саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Бәріміз сіз-біз болып ата-бабамыздың армандарына арқау етіп, салып кеткен сара жолын еске алып, көптеген жетістікке жеттік. Әлі де талай асуды бағындырып, көк туымыздағы алтын қырандай биікте сөзсіз самғармыз. Соңғы жылдары елімізде көптеген мәдени ошақтар, әсіресе театрлар ашылды. Театрдың ашылуы – мәдениеттің өркендеуі, мемлекеттің дамуы. Сол себепті осынау кең байтақ жерде бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Бірлігіміз мығым болсын! Жақсы күндеріміз көп болсын!» - деді «Жастар» театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109