1367

Нұр-Сұлтан кәсіпорындарының өнімдері шетелде сұранысқа ие

"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймақ (АЭА) кәсіпорындары өз өнімдерін Еуроодақ, ТМД, Қытай, Түркия елдеріне белсенді түрде экспорттайды. Тек соңғы үш жылдың ішінде елордалық АЭА кәсіпорындары өндірілген өнім көлемін 345 млрд-тан 800 млрд теңгеге дейін арттырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасап.

Экспорттық әлеуетті дамыту - Қазақстан экономикасының басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, шетелге біз тек шикізатты ғана емес, дайын өнімді де сатамыз.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай өңделген өнім экспортын бір жарым есеге арттыруды тапсырды. Үкімет бұл міндетті мақсатты түрде шешіп жатыр. Премьер-министр жақында берген сұхбатында, тіпті өткен жылы, экономикада қиын кезеңдер болған кезде, өңдеуші сектордың 4%-ға өскенін, ал 2021 жылдың жарты жылдығында ол 5,5% - ды құрағанын атап өтті.

Соңғы үш жылда "Астана – жаңа қала" АЭА кәсіпорындарының экспорты 3 млрд теңгеден 28 млрд теңгеге дейін өсті. Экспорт географиясы да өсуде. Нұр-Сұлтан аумағында Еуроодақ елдеріне, Қытайға, Түркияға, сондай-ақ ТМД елдеріне өнім жөнелтетін экспортқа бағдарланған 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Өңдеу өнеркәсібінде экспорттың басым бөлігін теміржол машинасын жасау өнімдері, электрондық-оптикалық аспаптар, киім-кешек, минералдық тыңайтқыштар, құрылыс материалдары мен азық-түлік өнімдері алып отыр.
Елорда ең алдымен жаңа жетістіктер мен технологияларды қолданатын инновациялық жобаларды тартады. "Астана – жаңа қала" АЭА қатысушылары қызметінің экономикалық тиімділігі инфрақұрылымды салу шығыстарынан бес есе артық.

"Астана-Технополис" АЭА және "Астана – жаңа қала" АЭА басқарушы компаниясының басшысы Бақытжан Досқазиевтің айтуынша, Қазақстанның АЭА саласындағы заңнамасы, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал елордада экспорттық өндірістер құруға мүдделі шетелдік инвесторларды тартады.

"Мемлекет барлық жағдайды жасайды, кәсіпкерлерге тек жұмыс істеу, өз өнімдерінің көлемі мен ассортиментін ұлғайту және оны тек ел ішінде ғана емес, экспортқа да жеткізу ғана қалады", – дейді Бақытжан Досқазиев.

Фото: kazpravda.kz

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109