1429

Елордада көпбалалы аналарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Бақытты отбасы» пилоттық жобасымен бірге елорда тұрғындарына арнап мерекелік жиын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күніне орайластырылған жиынға елордалық көпбалалы аналар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, волонтерлер, қоғам белсенділері және әр салада жетістікке жеткен табысты қыз-келіншектер қатысты.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерді қолдау және ынталандыру, мемлекеттің негізі болып саналатын отбасын насихаттау мақсатында бүгін мемлекет қолдауына мұқтаж елордалықтарға арнап ерекше форматта мерекелік басқосу ұйымдастырдық. Аналарға қолдау білдіріп, рухани күш-жігер беру үшін әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдерді де шақырдық», – дейді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр.

Айта кетейік, аталмыш орталық қиын жағдайға тап болған елордалық тұрғындарға қол ұшын берумен айналысады.

«Қазіргі таңда орталықта 28 қызмет түрі көрсетіледі. Соның аясында орталық қызметкерлері мемлекет тарапынан жеңілдікке мұқтаж жандарға кеңестер беріп, құжаттар дайындауға көмектеседі. Сондай-ақ олардың проблемаларын шешу үшін әртүрлі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесулер ұйымдастырады», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109