1500

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылды

Бүгін елордада үш аумағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылды. Отшашу демеушілер есебінен өткізілді, оған бюджет қаражаты бөлінген жоқ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу елорданың үш орнында ұйымдастырылды: Ботаникалық бақ аумағы, Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысындағы Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы. Осылайша, 10 минуттық отшашу қаланың барлық ауданында көрініс тапты.

Атырау көпірінің ауданынан 5000-нан астамы атылып, отшашулардың биіктігі 50-ден 150 метрге дейін жетті. Ботаникалық бақ пен Пушкин көшесінің аумағында 1200-ден астамы атылды.

Естеріңізге сала кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорданың мәдениет мекемелері 40-тан астам түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Іс-шараның бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Сол сияқты мереке күндері қалада бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109