1577

Нұр-Сұлтан қаласында бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық «Тәуелсіздік Кубогі» атты турнирі бастау алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге 23 командадан құралған 200-ге жуық бильярдшы қатысып жатыр.

Жарыста Ресей Федерациясы Омск қаласы және Қазақстан өңірлерінен келген 10 команда бақтарын сынамақ. Атап айтсақ, Алматы, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалалары.

«Біз өте үлкен турнир өткізіп отырмыз. Бірінші турнирде бір команда, 14 адам болса, қазір 180 адам қатысып жатыр. Оның ішінде «сен тұр, мен айтайын» деген мықтылар келді. 23 команда қатысыды. 15 команда 50-63 жас шамасындағылар. Оларды біз «Арғымақтар» дейміз. 63 жастан жоғарғылар, яғни «Тарландар» 2 командаға топтасқан. Ойын 3 күнге созылады. Керемет тартысты жарыс болайын деп тұр. Барлығы аудан, қала атынан келген. Негізгі мақсат – бұқаралық спортты, бильярдты дамыту. Біздің бастауымызбен бильярд халықтың ең бір сүйікті ойынына айналып отыр», - деді ұйымдастырушы, «Ұлы Дала Қырандары» халықаралық қозғалысының және «Әлем қырандары» бильярдшылар қоғамдастырығының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел.

Сөз соңында Сәдібек Түгел қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Егемендігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! Бүгінгі мерекемен барша халықты шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға табыс, жеңіс тілеймін! Береке-бірлігіміз арта берсін!» - деді Сәдібек Түгел.

Айта кетсек, ең қарт ойыншы 78 жаста, ал ең жас қатысушы 50 жасқа толған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109