1436

Бақытжан Ертаев: Тәуелсіздікті сақтау, өркендету, жайнату бүгінгі ұрпақтың міндеті

Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл тәуелсіздіктің өз тарихы бар. Ата-бабамыз бұл күнді армандап, аңсап өтті. Осы жолда қаншама қан төгілді, жан берді. Осылайша кең байтақ жерге ие болдық. Біз егемендік алғанда ол кісілер бір аунаған шығар. Ал енді осы тәуелсіздікті сақтау, өркендету, жайнату біздің парызымыз, бүгінгі ұрпақтың міндеті. Осы күнге жеткенімізге қатты қуанамын», - деді Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Ол сөзін жалғай отырып, Бауыржан Момышұлының сөзін мысал етті.

«Мен бірінші күннен егемендігіміз үшін сапқа тұрдым. Қалай болса Отанымның бұйрығын орындау парызым. Әрбір ер адам Отан алдында парыз алып, елін қорғау міндетін орындауы керек. Баукеңнің (Бауыржан Момышұлы) айтқан сөзі бар «Ей, қайран қазақ, өз еліңнің құлы болсаң, басқа елдің құлы болмайсың. Отан үшін отқа түссең жанбайсың, суға түссең батпайсың» деген. Сол себепті тәуелсіздіктің қасиеті өте көп. Біз бақытты халықпыз. Себебі біздің ақсақалымыз, ақыл сұрайтын адамдарымыз бар. Жастарымыз бар, болашаққа сеніммен қарайтын. Елімізді гүлдетіп, жайнататын ұрпағымыз бар. Міне осы байланыс Отан үшін болуы керек. 

Елімнің суы көп, мен сол судың бір тамшысы болармын. Бұл менің елім, менің тәуелсіз Қазақстаным! Кең байтақ жеріміз тұтас болсын! Көпұлтты елім тату болсын! Қазақстанымыз жайнай берсін! Жер шарындағы ең озат елдің иесі болайық! Отыз жылдығымыз құтты болсын!» - деді Халық қаһарманы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109