1628

Астаналық циркте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік қойылым өтті

Нұр-Сұлтанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елорда өз шамдарын жағады!» мерекелік қойылым өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астаналық цирк Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қойылым қойды. Біз көрермендер үшін керемет шоу көрсеттік деп ойлаймын, өйткені олардың жүзінен қуанышты байқадық», – деді Астаналық цирк әртісі Жұмат Жанмырзаев.

Қайырымдылық шарасы аясында балалар цирк әртістерінің, соның ішінде әуе гимнастары мен акробаттардың, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздар мен клоундардың өнерін тамашалады. Айта кетейік, мерекелік іс-шараға ата-анасынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ сал ауруымен ауыратын балалар қатысты.

«Біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды шақырдық. Оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді. Бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын», – деді Астаналық цирк режиссері, әртіс Әйгерім Тілегенова.

Мерекелік іс-шара балаларға қуаныш сыйлады. Өз кезегінде цирк әртістері балалардың есінде ұмытылмас сәттерді қалдыру үшін мүмкіндіктің бәрін жасады.

«Бүгін жұбайыммен және баламмен циркке келдік. Бізге қатты ұнады. Барша қазақстандықты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын!» – деді қала тұрғыны Ерғали Закарянов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109