1885

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күні дүниеге келген 150-ден астам сәбиге «Сүйінші» сыйлық қораптары тапсырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсанда дүниеге келген нәрестелерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-бокстары тапсырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда 16 және 17 желтоқсан күндері 150-ден астам сәби дүниеге келді. «Сүйінші» сыйлық жинағына «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараттандыру брошюралары, жаңа туған нәрестеге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары кіреді.

«Сүйінші» сыйлық қораптарында сәбилерге арналған ең қажетті тауарлар бар. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі берілген. Перзентханадан шығып үлгергендерге сыйлықтары «Қазпошта» арқылы үйлеріне жеткізілді. Біздің қызметкерлер перзентханаларды аралап, босанған әйелдерден баланың туу туралы куәлігін алуға тікелей өтініш алды. Мәліметтер аталған құжаттарды дайындау үшін АХАТ органдарына жіберілді. Мереке күндері ХҚО, АХАТ бөлімдері, медициналық мекемелер, «Қазпошта» қызметкерлері осы бокстарды дайындау үшін жұмыс істеді», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Сабина Тауан.

Белгілі болғандай, 100-ден астам сыйлық жиынтығы оралған, ал қалғаны жеткізу үшін «Қазпоштаға» тапсырылған.

«Қызым 16 желтоқсанда – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні дүниеге келді. Бұл біздің көптен күткен тұңғышымыз. Енді жыл сайын осы күні екі мерекені атап өтетін боламыз. Назарларыңыз бен қамқорлықтарыңызға алғысым шексіз. Мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік, көңіліміз тіптен көтеріліп қалды», – деп алғысын білдірді анасы Алина.

Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және ана мен баланы қолдау шеңберінде өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109