2411

Нұр-Сұлтанда еліміздің бас шыршасының шамы жағылды

Елордада «Нұр Әлем» сферасының алдындағы алаңда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті. 25 метрлік шырша қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биіктігі 25 метр болатын шыршаның диаметрі 10 метрге жетеді. Ал салмағы – 4048 кг.

Шырша шамдарын жағу рәсіміне Аяз ата мен Ақшақар, спортта, оқуда, шығармашылықта жетістікке жеткен елордадық жасөспірімдер қатысты.

Шыршаға бір сәтте 1600-ден астам жаңа жылдық шарлар, 300-ге жуық үлкен және кішкентай ақ ұлпалар ілінді.

«Бүгін керемет мереке, әсіресе балалар үшін. Отбасымызбен бірге қаладағы ең үлкен шыршаны көруге, коньки тебуге және таза ауада демалуға келдік. Оның үстіне ауа райы өте қолайлы болып тұр», – деп қала тұрғыны Анастасия алған әсерімен бөлісті.

«Біз осы маңға жақын жерде тұрамыз. Серуендеп жүріп, жұрттың ақырындап жиналып жатқанын көрдік. Көп ұзамай шыршаның шамы жағылып, мерекелік концерт қойылды. Мұндай көңіл-күй жаңа жылдың жақындағанын еріксіз еске салады», – деді елордалық Меруерт Қайыпова.

Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, оның ішінде Ринат Малцагов, Маржан Арапбаева, балалар хоры және т.б. өнер көрсетті.

Айта кету керек, елорданың барлық ауданында мұз қалашықтар, жаңа жылдық шыршалар, Аяз Ата мен Ақшақар, аққала және өзге де атрибуттар орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109