1878

Елордада оқушылар мен студенттер арасында өткен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда көрнекті қазақ ғалымы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған эссе байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ақтық финалға өткен үміткерлер Оқушылар сарайына жиналып, марапатталды. Жүлделі 1-орынға 300 мың, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 50 мың теңге табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының бастамасымен ұйымдастырылған байқауға 200-ден астам өтініш келіп түскен.

«Байқауға 228 өтініш келіп түсті. Тексеріс барысында жұмыстарды антиплагиат бойынша тексеріп, байқау шарттарын орындаған қатысушыларды ғана ақтық сынға жібердік. 107 мектеп оқушысы мен 49 студент финалға өтті. Қатысушылар үшін тәулік бойы сайт жұмыс істеп тұрды. Байқауды өткізудегі мақсатымыз – жастарымызға патриоттық сезім ұялатып, қазақтан шыққан ғұлама ғалымдардың еңбектерін дәріптеу», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Ж.Сүлейменов.

Оқушылар арасында жүлделі 1-орынға А.Жанай, 2-орынға Ж.Қуаныш, 3-орынға А.Шинтаева ие болды. Ал студенттерден 1-орынға Қ.Паразатова, 2-орынға Д.Қалменбай, 3-орынға И.Сұлтанғалиева жайғасты.

«Бұл байқауды өткізуде алдымызға қойған міндет – өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруге ықпал ету, ғалым Ыбырай Алтынсариннің мұрасымен танысып, отаншылдық сезім қалыптастыру. Жазған эсселерді қарай отыра, қойылған міндет 100 пайызға орындалғанына көзім жетті. Әр қатысушының өзіндік ойы, философиялық түйіндері, тілге, халқына деген жанаршырлық, патриоттық сезімі жазған жазбаларынан сезіліп тұр», - деді қазылар алқасының төрағасы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы.

Байқау дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109