1311

Алтай Көлгінов елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қалада қоғамдық тәртіпті нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындары өзін қауіпсіз сезінуі керек. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүйелі негізде нығайту үшін материалдық-техникалық базаны жаңартып, қадамдық қолжетімділік аясында модульдік бекеттер ашамыз, полицияның тірек пунктерін қалпына келтіреміз және т.б. Құқықбұзушылықты алдын алу жөніндегі мәселелер ведомствоаралық комиссияның отырысында полиция департаментінің басшылығымен талқыланды.

Мемлекет басшысы Жолдауында ішкі істер органдарын жаңғыртудың басымдықтары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшуді белгіледі.

Мәселен, биылдың өзінде ғана қаланың түрлі ауданында 10 модульдік полиция бекеті орнатылып, учаскелік пунктерді орналастыру үшін тағы да осындай көлемде үй-жай берілді. Бұл жоспардан екі есе жоғары.

Сол сияқты осыған дейін полиция департаментіне 65 бірлік арнайы техника берілді, жаңа әкімшілік (Есіл ауданы) ашылды, онда 400-ден астам қызметкер еңбек етеді, жаңа ТК бірінші қабаттарында және жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пунктерін ашамыз. Сарыарқа ауданында полиция департаментінің бөлімшесіне арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргіземіз, «Қауіпсіз аула» және т.б. жобаларды кеңейтуді жалғастырудамыз.

Аталған шаралардың бәрі тұрғындарға жедел көмек көрсетуге, құқықбұзушылықты болдырмауға, қылмыстардың ашылуын арттыруға және т.б. мүмкіндік береді», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109