1202

Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа қайта оралды

Елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 15 желтоқсаннан бастап «жасыл» аймақта болатын. Алайда КВИ қарқынының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қайтадан «сары» аймаққа оралды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша RT репродуктивті саны 1,019 құрады, оған сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өтті. RT репродуктивті саны аймақтарды анықтау критерийлерінің бірі болып саналады. Апталық жұқтыру көрсеткішін салыстырар болсақ, өсу байқалады. Мәселен, бір апта ішінде COVID-19 инфекциясының 564 жағдайы тіркелді (алдыңғы аптада – 542 жағдай), коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші тиісінше 47,5 және 45,6 құрады, яғни сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 4%-ға жоғары болды, бұл Rt санының 1-ден жоғары өсуіне және «жасыл» аймақтан «сарыға» ауысуына әкеп соқты.

Мереке күндері аурудың көбеюінің негізгі себептері кейбір тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтамауы: адам көп жиналатын жерлерге бару, маска режимін сақтамау, пациенттер мен жақын байланыста болған адамдар үшін үй карантинін сақтамау.

«Коронавирустың таралу қаупін және мерекеден кейінгі оң жағдайларды тіркеу санының артуын ескере отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, барлық келушілер мен қызметкерлерде «жасыл» статус болған кезде ғана 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын жағдайда, жаппай іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтік іс-шараларға тыйым салынғанын еске саламыз. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Сауда және басқа да нысандардың иелері карантиндік шектеулерді бұзбауы, санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс», - деп ескертті қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өткен мереке күндері карантиндік шараларды сақтаса, қаланың «сары» аймаққа көшуіне жол бермеуге болатын еді. Шектеу шаралары мен саннормаларға немқұрайлы қарау елорданың 7 ай бойы (10 наурыздан 26 қазанға дейін) болған «қызыл» аймаққа жақындау қаупін арттырады.

Алдағы жаңа жылдық мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне әкеп соқтырмауы тиіс, бұл әрбір азаматтың мінез-құлқына және алдын алу шараларын ұстануына тікелей байланысты. Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды шағын ортада, туыстарымен бірге қауіпсіз түрде атап өткені абзал.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109