1405

Елордалық тұрғын алабында жаңа аула клубы ашылды

Елордалық "Пригородный" тұрғын алабында ардагерлерге арналған орталықпен біріктірілген InterPro жаңа аула клубы ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Аула клубының ашылуына Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, қалалық мәслихаттың депутаты Ғабит Тәжімұратов қатысты.
"Аула клубтары өскелең ұрпақ үшін тартымды орталық болып табылады. Мұнда балалардың ағылшын тілі, хореография, шахмат курстары жұмыс істейді. Балалар бүгінгі таңда біздің клубтарда жұмыс істей отырып, жетістікке жетіп, өз қабілеттерін ашады. Аула клубының ашылуына бастамашы болған Тұрар Жұбанышқызына жеке алғысымды білдіргім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіби өсу тілеймін!"- деді Берік Жәкенов.

"Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтарының ерекшелігі-олар балалар мен жастарға ғана емес, қарт адамдарға да арналған. Біз халқымыздың барлық топтарына назар аударуымыз керек. Осылайша біз жастарды аға буынмен біріктіреміз", - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Aspan дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бірінші қабатында балаларға ағылшын тілін, хореографияны, шахматты тегін үйретеді. Аға буын үшін тегін Цигун сабақтары бар.

Айта кетейік, Есіл ауданында бүгінгі таңда 4 аула клубы мен ардагерлерге арналған 20 орталық жұмыс істейді.

Фото: elorda.info

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109