1900

Нұр-Сұлтан әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Нұр-Сұлтан әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды. Ол еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жылды құрайды. 

40 жастағы Нұрбол Нұрсағатов Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол 2004-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс комитетінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2008 жылға дейін Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. 2011-2012 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2014-2019 жылдар аралығында Нұрбол Нұрсағатов ШҚО әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Соңғы екі жылда "Байқоңыр" ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Нұрбол Нұрсағатов меритократия қағидатына сәйкес жетекші маманнан аудан әкіміне дейінгі жолды өткен тәжірибелі маман. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 17 жылды құрайды.

ҚР ПӘ және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша "Байқоңыр" ауданының әкімі болып 43 жастағы Ерлан Жаулыбаев тағайындалды, ол тағайындалғанға дейін үш жыл бойы "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай Бизнес және құқық колледжінің зертханашысы лауазымынан бастады, 2004-2005 жылдары- Қостанай облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2005-2011 жылдары Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы және ТЖ басқармасында, Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және ТЖ басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды. 2017-2018 жылдары-Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2018-2021 жылдары Нұр-Сұлтандағы "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудан әкімдері мен орынбасарларының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109