1274

Елорда әкімі балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Жаңа жыл мейрамы қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа жылдық мерекелер – балаларымыздың ғажайыптар мен сиқырларға сенетін кезі. Балаларымызға арнап «Жаңа жылдық сапар» экспресс-эстафетасын ұйымдастырдық. Мемлекет басшысы мен әкімдіктің атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 600 балаға сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтауда.

Бүгін әріптестерімізбен бірге «Мамандандырылған балалар үйіне» бардық. Жаңа жыл қарсаңында балаларға ерекше көңіл-күй сыйлағанымыз жөн. Балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Әдеттегідей Аяз Ата құттықтап, балаларға сыйлықтар үйлестірді.

Бұл балалар үйінің ерекшелігі – онда оңалту қызметтері де көрсетіледі. Ұйымда күрделі жөндеу жүргізілді, материалдық-техникалық база жаңартылды. 2022 жылғы қаңтардан бастап педагогтардың, оның ішінде арнайы мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 20%-дан астам көтеріледі», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109