1399

Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына екі мыңға жуық адам жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Қысқы кезең басталғалы қаладан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 98 мың жүк көлігіне тең, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 29 желтоқсанда елордада қар жинау жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кету керек, 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін жүк көліктері қар полигондарына 572 рейс жасады.

Қыс мезгілі басталғалы 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді.

Ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін алдымен қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдың және т.б. қары күреледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109