1773

Елордада жаңа жылда қайда серуендеуге болады?

Шыршалармен, гирляндалармен және түрлі сыйлықтармен безендірілген сырғанақтар, мұз айдындары қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарына айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты. 

Қалада жаңа жылдық көңіл-күйді сезініп, белсенді демалыс үшін қайда баруға болады?

Қала тұрғындары арасында танымал – ашық алаңдарда мұз төбешіктері орнатылды, мұз айдындары жасалды, мұнда әркім тюбингтер мен конькилерді жалға ала алады, сол сияқты өзімен бірге алып келіп, көңіл көтере алады. Мұнда ыстық шай немесе кофе ішіп, жылынуға болады.

Дәстүр бойынша биыл еліміздің басты жаңа жылдық шыршасы ЭКСПО аумағында «Нұр Әлем» павильонының жанында орнатылды.

Айта кету керек, тек Есіл ауданының өзінде 4 жаңа жылдық шырша орнатылды: ЭКСПО аумағында, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда, Достық көшесіндегі «Керуен» СОО жанында, сол сияқты Ұлы Дала және Ақмешіт көшелерінің қиылысында.

Шыршалар өзге орындарда демеушілер есебінен де орнатылды. Ауданда қысқы демалысты өткізетін 10 орын бар. Олардың ішінде:

- Орталық саябақ;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің жанындағы Тұңғыш Президент саябағы;
- ЭКСПО алаңы;
- Хан-Шатыр СОО;
- Керуен СОО;
- Жағалау шағын ауданы;
- Жасыл квартал;
- Үркер елді мекені;
- Пригородный елді мекені;
- Ботаникалық бақ.

Байқоңыр ауданының аумағында биыл 5 мұз қалашығы ашылды, онда жаңа жылдық шыршалар, сырғанақтар, шағын сәулет нысандары орнатылды.

Осылайша, «Жастар» сарайының аумағында ауданы 400 шаршы метрге жуық мұз айдыны, жасөспірімдер үшін биіктігі 6 метр болатын төбешік орнатылды. Қалада биіктігі 15 метр болатын жаңа жылдық шырша қойылды, оның жанында Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ олардың үйі бар. Сол сияқты, субұрқақтар да жаңа жылдық күйге безендірілді. Аумағында конькилер мен тюбингтерді жалға беру пунктері, сондай-ақ фудкорт жұмыс істейді.

Ж.Тәшенев көшесіндегі Ататүрік атындағы саябақта 2 төбешік орнатылды. Саябақта биіктігі 18 метр болатын жаңа жылдық шырша, Ақшақар, Аяз Ата мен Ақшақардың бейнелері бар мүсіндер және т.б. орнатылған.

Сондай-ақ, Абай даңғылындағы «Жазушылар» гүлзарында, Өндіріс, Кирпичный, Қазқалашық елді мекендеріндн шыршалар мен жаңа жылдық кейіпкерлердің пішіндері орнатылды.

Бұдан бөлек қала тұрғындары №5 гимназия, №27, 34, 8, 87 орта мектебінде және Кемеңгерұлы, 8 және Жұбанов, 3 мекенжайларындағы аулада орналасқан 7 мұз айдынында көңіл көтере алады.

Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда, Президенттік саябақтың Байтұрсынов көшесі жағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Триатлон паркте, Сарайшық шағын ауданында, Қошқарбав көшесі, 80 тұрғын үйінің аумағында, Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар елді мекендерінде орналасқан тұрғын үйлер ауданында таза ауада белсенді қысқы демалысты өткізуге және мұз төбешігінен сырғанауға болады.

Сарыарқа ауданында да белсенді демалыс өткізуге болады, мысалы, Есіл өзенінің жағасында Кенесары хан ескерткішінен "Серуен" көпіріне дейінгі 2 орында 5 төбешік, Бейбітшілік көшесі, 11, 189-көшедегі Көктал саябағында, сондай-ақ Қосшығұлұлы мен Бейсеков көшелерінің қиылысында тағы бес төбешік орнатылды. Жақын арада Оқжетпес пен А.Герцен көшелерінің қиылысында төбешік, ал "Демалыс променад" аумағында мұз айдыны ашылады.

Бұл орындар сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Осындай құрылымдар мен құрылыстар елорданың барлық ауданында орнатылған. Қаланы сондай-ақ жаңа жылдың басталғаны туралы хабарлайтын сыйлық, сағат түріндегі кішігірім архитектуралық пішіндер, гирляндалар және т.б. безендіріп тұр. Түнгі уақытта шамдар жанған кезде жаңа жылдық безендіру қалаға ерекше ертегі көрінісін береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109