2471

«Үй қирап қалар еді»: елордада апатты жағдайдағы тұрғын үй сүріліп, жаңасы салынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Территория комфорта-1» проблемалық тұрғы үй кешенінің құрылысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада құрылысы ұзаққа созылған, проблемалы нысандардың бірін аяқтадық. «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің тарихы 2004 жылы басталған. Үйді техникалық тексеру барысында ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Бұрынғы құрылыс салушы техникалық стандарттарға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған, ал плиталар арасында түйіскен жері сақталмаған. Құрылысшылар айтқандай, бұл үй пайдалануға берілсе, көп ұзамай қирап, тұрғындар астында қалатын еді.

Апатты жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның орнына жаңа тұрғын үй кешені салынды, ең бастысы – қауіпсіз. Мұнда бас-аяғы 500-ден астам үлескер бар. Үйді аяқтау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы 135 үлескер көптен күткен пәтерін алды, олар бұл күнді 17 жыл бойы күтті. Екінші кезең бойынша жұмыс жүріп жатыр.

2019 жылдың жазында қала бойынша барлығы 16 мың үлескер отбасы болған, 2,5 жыл ішінде 13 мың үлескердің проблемасы шешілді. Мәселен биыл 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл 7 мың үлескердің проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа 2022 жылы тағы 40 көппәтерлі тұрғын үйді, 2023 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үй-донор салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2023 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған үйлердің проблемасын толық шешуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109