891

Елорданың айналасына блокпост орнатылды

Елорданың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалалары, сол сияқты Қорғалжын, Астраханка елдімекендері бағыты бойынша блокпост орнатылды. Қалаға кіру мен шығуға шектеу қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Блокпосттарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ тыйым салынған заттардың бар-жоғын анықтау үшін автокөліктерді де тексереді. Азаматтар блокпосттардан тек күндізгі уақытта ғана өте алады.

Коменданттық уақытта – 23:00-ден 07:00 аралығында блокпосттар арқылы тек қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне және тыныс-тіршілігіне жауапты тұлғалар мен автокөліктердің кіруіне ғана рұқсат беріледі.

Елордада құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті, сол сияқты қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қалада құқықтық тәртіпті орнату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді.

«Қала тұрғындарын адам көп жиналатын орындарға бармауға, сондай-ақ балаларыңызға бас-көз болуға шақырамыз. Тұрғындарға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін далаға шығуға тыйым салынады. Барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасалуда», - деді елорданың коменданты, Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109