1056

Төтенше жағдай режимі: елорданың әлеуметтік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істейді

Бүгінде елордадағы жағдай тұрақты және толық бақылауда. Елордада қала басшысының төрағалығымен тәртіп орнату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігі Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша барлық шараларды жүзеге асыруда. Елордада төтенше жағдай режимі кезінде қоғамдық көліктің, коммуналдық қызметтердің, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің және бизнес субъектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің, базарлардың, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс істеу тәртібі бекітілді және штаттық режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу бойынша мониторинг жүргізіледі. Банкоматтардан қолма-қол ақша алу мәселесі реттелген. Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде де ешқандай кедергілер жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының периметрі бойынша блокпостар орнатылды: оның ішінде Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар бағыттарына, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка елді мекендеріне шығатын бағыт бойынша. Блокпостарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері тыйым салынған заттардың бар-жоғын анықтау үшін азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ көліктерді тексереді. Азаматтар блок-бекеттерден тек күндізгі уақытта өте алады. Коменданттық сағатта – сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін-блокпосттар арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты адамдар мен автокөліктерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

Тұрғындарды, барлық меншік нысанындағы заңды тұлғаларды төтенше жағдай режимін, коменданттық сағатты сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға және заңсыз жиналыстарға шықпауға шақырамыз. Осы шаралардың бәрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданады.

Еске салайық, елордада SARS-Cov-2 вирусының «Омикрон» штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, сондықтан қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109