2709

Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары күшейтілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қалаға карантиндік шектеулер енгізілетін жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сархат Бейсенова әкімдікте өткен онлайн брифингте қабылданған шектеу шаралары туралы айтып берді.

«Елордада «Омикрон» штамының айналымы анықталды. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы қала тұрғындарының маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен, вакцинацияны ескермеуімен байланысты. Бұл «Омикрон» контагиозды штамының қала аумағында тез таралуына ықпал етеді, сол сияқты шектеу және карантин шараларын қатаңдатуды талап етті», - деп хабарлады елорданың санитарлық дәрігері.

Осылайша, бүгін қол қойылған санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ашық ауада, үй ішінде отбасылық шаралар, сол сияқты бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Нұр-Сұлтанда тек «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін еске алу шараларын ғана өткізуге рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан төмендегі мекемелердің жұмысына тыйым салынады:

- концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, кинотеатрлардың, цирктердің жұмысы;

- діни бірлестіктер нысандарында және аумағында, оның ішінде мешіттерде, шіркеулерде, соборларда, синагогаларда және т.б. ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізу;

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізу;

- түнгі клубтардың қызметі, караоке;

- қоғамдық тамақтану нысандарда орналасқан барлардың жұмыс істеуіне.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстелге отырушылар саны төрт адамнан аспауы керек.

Онлайн жұмыс форматына білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының қызметі көшіріледі.

Сонымен қатар, қашықтан жұмыс түріне ауыстырылады:

- қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алғанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы;

- 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін оқушыларды оқыту;

- жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттерін 2022 жылғы 6 ақпанға дейін оқыту.

Елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қолданыстағы бағыттар бойынша қоғамдық көлік саны артып келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109