1247

Елорданың санитарлық дәрігері қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтуге шақырды

12 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласына коронавирустың тез таралатын – «омикрон» штамы тіркелген елдерден 2 247 жолаушы келді. Бұл туралы онлайн брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада шетелден келген адамдар арасында алдын алу жұмыстары жалғасуда.

2021 жылдың 12 желтоқсаны мен осы жылдың 12 қаңтары аралығында бір ай ішінде қалаға «омикрон» штамы тіркелген елдерден 2 247 жолаушы келді. Келген барлық азамат бір апталық оқшаулануға және медициналық бақылауға жіберілді. Олардың арасында КВИ-мен ауыратын науқастар анықталған жоқ, бірақ көп ұзамай клиникалық белгілер пайда болған кезде оң нәтиже де анықталды. Келгендердің бірінен коронавирустың жаңа «омикрон» штамы анықталды», - деді санитарлық дәрігер.

Еске сала кетейік, нәтижесінде «омикрон» анықталған жолаушы 16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласына ПТР-тестінің теріс нәтижесімен келген болатын. 22 желтоқсанда ол тамағы ауырған күйде медициналық көмекке жүгінді, зерттеу нәтижесінен кейін коронавирустың бүкіл әлемге таралып жатқан жаңа штамы анықталды.

«Мен науқастың бұрын қайта вакцинацияланғанын, нәтижесінде ауруды жеңіл түрде өткергенін және қазір толық емделгенін атап өтемін. Бұл коронавирустың жаңа штамдарымен күресте вакцинацияның тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді. «Омикрон» штамы бүкіл әлемде тез таралады және әлемнің 126 елінде, тіпті ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі тіркелген елдерде де анықталды. Жаңа штамнан сақтану үшін вакцинацияны толық алу қажет. Сондай-ақ ревакцинация да кеңес етіледі», - деп атап өтті спикер.

Санитарлық дәрігер азаматтарды толық иммундаудан өткеннен кейін алты айдан соң ревакцинациядан өтуге шақырды.

Елордада 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында 245 мыңнан астам адам екпенің толық курсын алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109