1094

«Ана үшін де, сәби үшін де еш қауіп жоқ» – елордалық дәрігер жүкті әйелдерді екпе алуға шақырды

Мерекелік демалыс күндері, адам көп жиналатын отырыстар. Өкінішке қарай, осының бәрі елордадағы эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етті. Дәрігерлер кез келген жастағы адам, оның ішінде тіпті жүкті әйелдер арасында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өскенін атап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жүкті әйелдер арасында коронавирус ауруы туралы акушер-гинеколог Зайтуна Хамидуллина айтып берді.

«Бізде үш акушерлік стационарда арнайы бақылау төсектері бар. Онда жаңа жылға дейін 3-4 науқастан ғана болатын, ал қазір науқастар саны күрт артты. Мұның себебі неде? Санэпидрежим, маскалық режим сақталмай кетті, ал таққан маскамызды екі сағат сайын ауыстырмаймыз. Сол сияқты бұқаралық іс-шаралар, тойлар, үйлену тойлары, ертеңгіліктер көбейді», - деп атап өтті дәрігер.

Оның айтуынша, қауіпті инфекциямен күресу үшін азаматтар вакцинациядан өтуі тиіс. Себебі екпе алған адам КВИ жұқтырар болса екпеден жалтарған адамнан жеңіл әрі жылдам өткереді.

«Өкінішке қарай, 5 ай ішінде біздің №3 көпсалалы қалалық стационарымыз жабық болды, біз ковид орталығы ретінде жұмыс істедік. Ауруханамызға 1500-ден астам әйел түсті, ол кезде Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеген еді. Қазір бұл вакцина барлық емханаларда бар, сондықтан сенбі және жексенбі күндері келіп, отбасыңыздың денсаулығы үшін екпе алуыңызды өтінеміз», - деді Зайтуна Хамидуллина.

Жүктіліктің 16-аптасына дейін дәрігерлер вакцинацияны кеңес етпейді. ДДҰ ұсынысына сәйкес, 16 аптадан кейін жүкті әйелдерді вакцинациялауға болады және бұл өте қажет. Екпе әйелдің өзіне де, оның жатырындағы нәрестеге де қауіп төндірмейді.

«Біз коронавирустық пандемияның бірнеше толқынын бастан өткердік. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған жүкті әйелдер де болды. Осы жағдайларды саралау кезінде басты проблема пациенттің өзін-өзі емдеумен айналысқаны, емделу жолын білмейтіні, ауруханаларға кеш жүгінетіні белгілі болды. Дене қызуы көтерілсе, жөтел, дененің ауыруы, әлсіздік, дәмнің өзгеруі пайда болса уақыт жоғалтпай емханаларда орналасқан мобильді бригадаларды шақырыңыз. Олар келіп, сізді тексереді, ал қажет болған жағдайда емделу жолын тағайындайды немесе ауруханаға жатқызады», - деді гинеколог.

Оның айтуынша, ковидтік стационар ретінде жұмыс істеген 5 ай ішінде коронавирус инфекциясы бар 500-ге жуық әйел босанған.

«Сәбилердің бәрі коронавирусқа қарсы тексеріледі. Бүгінге дейін бізде аталмыш инфекцияны жұқтырған бірде бір нәресте анықталған жоқ. Егер анасы КВИ жұқтырған болып, бірақ маска тағып, санэпидрежимді сақтаса, сәбиін емізер алдында және емізіп болғаннан кейін қолын жуса, анадан балаға инфекция берілмейді. Құрметті әйелдер, вакцинациядан өткендеріңіз абзал, өйткені бұл сіздің және сәбиіңіздің денсаулығы үшін маңызды. Сол сияқты бұл балаңыздың анасы сау болуы үшін қажет», - деп аяқтады спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109