1495

Елорда полициясының қатары жас мамандармен толықты

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда елорда полициясының жеке құрамының дәстүрлі сап түзеу байқауы өтті.

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда елорда полициясының жеке құрамының дәстүрлі сап түзеу байқауы өтті. Іс-шара дәстүрлі түрде полицейлердің жазғы киім үлгісіне көшуіне байланысты, сондай-ақ, сапта жүру машығының деңгейі, құрамның қалыптасуы мен сыртқы киім кию үлгісін байқау, қызмет жеке куәлігі мен жеке жетон нөмірлерінің кеудеге дұрыс қадалуын тексеру мақсатында ұйымдастырылады. Алайда, бүгін оған қоса полицейлер үшін тағы бір маңызды оқиға болды. Атап айтқанда, қаланың полиция қатары жас мамандармен толықты, - деп хабарлайды  astana.kz сайтына қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қалалық полицияның жас мамандары салтанатты түрде ант қабылдады. Жол полициясы мен Полиция күзеті полкінің алты жас қызметкері адал да жауапкершілікпен қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға салтанатты ант берді. 

ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров жас қызметкерлерді құттықтай тұрып, олардың алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Салтанатты рәсімнен кейін елордалық гарнизон бөлімшесі саппен жүріп өтті. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, ішкі істер органдарының қатарын жақында толтырған жігіттер үшін бұл күн олардың өміріндегі ең маңызды күн ретінде ұзақ уақыт есте сақталатын болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109