Астанада кәмелетке толмағандар арасында қылмыс 50%-ға тарта азайды
Астанада
жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыс саны
48,6%-ға азайды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
Департаменттің мәліметі бойынша, кәмелетке жасы толмағандар жасайтын негізгі қылмыс түрі, бұрынғысынша ұрлық болып табылады. Олар жасаған жалпы қылмыстың 82%-ын ұрлық құрайды. Қолды қылатын негізгі заттары көбіне – ұялы телефондар.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзу мен қылмыстың алдын алу қаланың ювеналды полициясы үшін басты маңызға ие болып отыр.
«2013 жылдың басынан бері үш рет «Жасөспірім» шұғыл-алдын алу іс-шарасы, 14 локалды-рейд жүргізіліп, сондай-ақ, салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға бағытталған 350 іс-шара өткізілді. Олардың қатарында түрлі акциялар, семинарлар мен байқаулар, спорттық жарыстар бар», - делінген хабарламада.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру жұмыстары да жалғасын тапты. Берілген мәліметтерге сәйкес, 2013 жылғы 3 айдың ішінде бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді орындамағаны үшін 100-ге жуық ата-ана және басқа да заң орындаушылары әкімшілік жауапқа тартылған.
Тұрғын үйінен басқа жерде сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жүрген 394 адамға айыппұл салынды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері бес ата-ана ата-аналық құқықтан айырылған,- деп хабарлайды ведомства.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz