Астанада Әмбебап полицейлер дайындауда
Бүгін, 29 шілдеде Астанада әмбебап қоғамдық тәртіп сақшысын
дайындау мақсатында қызметтік оқу-жаттығу өтті. Лекцияға 100-ден астам полиция
қатысты.
Лекторлар құрамына Шұғыл-криминалистік басқарма, Астана қаласы тергеу басқармасы, Астана қаласы ІІД-нің психологиялық қызмет және Күзет полкі енді.
«Бүгінгі іс-шара күзет-бекет қызметін жол полициясы қызметімен біріктіруге байланысты өтуде. Осыған орай Жол полиция қызметкерлері мен Күзет полициясы қызметкері үшін оқу сабақтары ұйымдастырылуда. Оның мақсаты жол полициясының қызметкері күзет қызметін нақты білуі керек болғандықтан, ал күзет полкінің қызметкерлері жол полициясының жол қауіпсіздігі ережелері мен көшелердегі көлік қозғалысын реттеуді, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысуды түсінуі керек», - дейді astana.kz сайтына Астана қаласы Жол полициясы жеке батальонының штаб жетекшісі Бекзат Усманов.
Әмбебап полицейлердің
функциялары айтарлықтай кеңейтілуде. Енді олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету, жол қауіпсіздігін сақтау міндеттерін орындай білуді меңгеруі қажет. Осы
мақсатта қазіргі уақытта қалалық ІІД бірқатар іс-шараларды жүргізуде.
Бірінші кезекте, Күзет полициясы Полкінің жеке құрамын кәсіби-автожүргізушілікке оқыту ұйымдастырылды. Бұған қоса, жол қауіпсіздігін реттейтін нормативтік-құқықтық базамен танысу жұмыстары жүреді. Бұдан әрі жол полициясы қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік кезінде қолданылатын міндеттермен таныстырылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz