1961

Бірыңғай есеп айырысу орталығы мен Астана полицейлері ынтымақтастық туралы келісті

Астана полицейлері «Астана БЕО» бақылау қызметімен қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ынтымақтастық туралы келісті. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

Астана полицейлері «Астана БЕО» бақылау қызметімен қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ынтымақтастық туралы келісті. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады. 

Полицейлер «Астана БЕО» қызметкерлерінің ынтымақтастыққа дайын екендіктерін құптады. БЕО абоненттік базасы қаладағы қызметтерді тұтынушылардың 100 пайызын құрайтынын ескере келе, бақылау қызметінің жұмысшылары күн сайын іс жүзінде тұрып жатқан адамдардың санын анықтау жұмыстарын жүргізеді, қажеттілігіне қарай олар есепке алынбаған тұрғындарды және заң бұзушыларды анықтау үшін полицейлерге жүгіне алады. 

Бұдан басқа, БЕО қажет болған жағдайда ішкі істер органдары желісі бойынша коммуналдық төлемдер туралы түбіртектерде түрлі бағдарларды таратуға дайын. БЕО қызметкерлерінің өзара іс-әрекеті полицияның аға инспекторлары арқылы жүргізіледі, олар ұсынылған мәліметтерді жалпылап, талдайды, бірлескен жұмыстардың қорытындысын шығарады. 

Айта кетейік, екі ұйымның арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың заңды мүдделеріне қол сұғатын ұсақ бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

ІІД ішкі істер органдарының азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастығы елордада қылмысқа қарсы әрекет етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. 

«Құқықтық тәртіп органдарының қызметтерінің тиімділігі көбінесе халықтың белсенділігіне, азаматтардың қылмыспен күрес мәселелерін дұрыс түсінуіне байланысты болады. Қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ету тек құқық қорғау органдарының күшімен ғана жүзеге асырылса 100 пайызға табысты бола алмайды. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы ҚР Конституциясына және полицияға тәртіп бұзушылықты болдырмауға және жолын қиюға белсенді көмектескен азаматтарды көтермелеу шарасы қарастырылған «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» заңға сәйкес ішкі істер органдарына өз еріктерімен көмектесу арқылы іске асады.», - делінген хабарламада. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109