2124

Астанада бір аптада 5 мыңға жуық Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелді

Астанада «Жүргізуші-жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңінде қалалық ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық жағдайын тіркеді, сондай-ақ, жүргізушілер мен және жаяу жүргіншілердің Жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды қолға алды.

Астанада «Жүргізуші-жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңінде қалалық ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық жағдайын тіркеді, сондай-ақ, жүргізушілер мен және жаяу жүргіншілердің Жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды қолға алды. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

«Жүргізуші-жаяу жүргінші» іс-шарасы өткізілген алты күннің ішінде жаяу жүргіншілер жолынан өту ережелерін бұзған 240 жүргізуші ұсталды. Жолды тыйым салынған жерлерден кесіп өткен 424 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жол-көлік патрульдік полицейлер Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5 мыңға жуық жағдайын анықтады, соның ішінде, 452-сі басып озу және маневрлеу, 217-сі жылдамдық режимі, 137-сі қарсы бағытқа шығу ережелерін бұзған, 40 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шара аясында күн сайын автобус парктерінің еңбек ұжымдарында қалалық автобус пен такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы дәрістер оқылып, әңгімелесу жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелерде «Жолдос көмекке асығады» үйрету мультфильмі көрсетіліп, жол қозғалысы ережелері бойынша викториналар ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, қаланың орталық бөлігінде орналасқан 4 жарық диодты экрандарда (Бөгенбай даңғ. - Сарыарқа даңғ., Кенесары к-сі - Республика даңғ. Уәлиханов к-сі - Абай даңғ., Қонаев к-сі - Қабанбай батыр даңғ.), 100 қалалық автобуста, сондай-ақ, радиоэфирлерден жол қозғалысына қатысушылардың ЖҚЕ сақтауын насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер көрсетіліп, таратылады.

Еске салайық, 1-30 сәуірде елорда аумағында жол-көліктік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған республикалық «Назар аударыңыз, бағдаршам» кең ауқымды алдын алу шарасы өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109