Елордалық полиция қызметкерлері кезекті қару-жарақ сатып алу акциясын өткізеді
21 сәуірден бастап елордалық полицейлер халықтан заңсыз
сақталып тұрған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алудың
кезекті акциясын өткізеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ІІД
баспасөз қызметінен хабарлады.
«Елімізде қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғандарға бір қару үшін оның түріне қарай 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай қаражат төленеді»,- делінген ведомство хабарламасында.
Бұл ретте тіркелмеген қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Департаментте «ыстық желі» телефондары жұмыс істейді: Астана қаласының ІІД - 716-018, 716-170, 716-366, Алматы аумақтық ІІБ - 716-737, Сарыарқа ауданы - 716-646, Есіл ауданы бойынша - 716-561.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz