Бейнебаян: Донорлық – екінші адамның өмірін сақтап қалу
7- сәуір – Дүниежүзілік
денсаулық күні. Ол – 1948 жылдан бері жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде
аталып келеді. Содан бастап Дүниежүзілік денсаулық ұйымына (ДДҰ) екі жүзден аса
мемлекет мүше болған. Ал, мұндағы басты мақсат, мерекені жан-жақты атап өту
емес, денсаулықтың қадірін біліп, оны жақсарту
болса керек. Осы атаулы датаға орай Астанада донордың корпоративтік күні өтті.
Юрий Ким, донор:
Мүмкіндігіне қарай, жылына бірнеше рет қан тапсыруды әдетке айналдырғанмын. Қателеспесем, бүгін 4-ші рет келдім. Бұл бір жағынан қан айналымын жақсартса, екінші жағынан өзге адамға өмір сыйлаймын. Ал, денсаулығымды қалыпты ұстау үшін спортпен айналысып, жеміс-жидек пен етті көбірек жеуге тырысамын.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен «Өмір тамшысы» ҚБ ұйымдастырған бұл шара әлеуетті қан донорлары мен гемопоэздік дің жасушалары донорларын жұмылдыруға бағытталған.
Сара Асан, донор:
Біреудің өмірін сақтап қалуға септігімді тигізу үшін бүгін осында қан тапсыруға өз еркіммен келіп отырмын. Алғаш рет қан тапсыруға келсем де, қорқыныш, толқу деген жоқ. Осындай істі қайрымдылық деп ойлаймын.
Қан тапсыру арқылы жыл сайын миллиондаған адамды өлімнен аман алып қалуға болады. Бүгінде тек Астананың өзінде күніне кем дегенде 40 адамға қан керек болады екен.
Елена Голицкая, Астана қаласыТрансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы көшпелі бригадасының бастығы:
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 303 медициналық мекемеге қызмет көрсетеді. Түрлі апаттар, қан кету, ауыр босану жағдайлары болады. Сонда науқасқа жедел қан құйып, өміріне төнген қауіптен аман алып қалу керек. Стационарда бір күнде 200 адамға дейін қан тапсыратын кездер болады.
Корпоративтік донор күні 32 адам қан тапсырыпты. Демек, адам ағзасында қанның атқаратын ролі зор. Ол ағзадағы зат алмасу жүйесін реттеп, қалыпқа келтіріп отырады. Демек, онсыз адамның өмір сүруі де мүмкін емес. Ал, өзге адамға қан беру оның өмірін сақтап қалу деген сөз.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz