1 мамырда Астанада жаңа шыршалар мен қайыңдар отырғызылады
Қазақстан
халқының бірлігі күні барлық халық пен ұлтты, конфессия өкілдерін біріктіруде. Бұл күні адамдар айырықша қайырымды, жақсы іс жасауға әзір тұрады. Мереке құрметіне елордада қаланың көркін одан әрі кіргізе түсетін 30 жаңа ағаш отырғызылатын болады.
Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар Бөгенбай даңғылының бойында 30 шырша мен 10 қайың талын отырғызуды жоспарлауда.
«Қаламызда жаңа ағаштар отырғызу идеясы көптен бері көкейде жүрген ой еді. Осыдан үш жыл бұрын арнайы орында біз шырша ағашының тамырын өсіріп, осындай акция өткізуге дайындалдық. Қазір шырша 40-50 см өсіп қалды», - дейді Gazcenter» компаниясының ұйымдастырушылары.
Олардың айтуынша, биылғы жылы акция бірінші рет өткізіліп отыр. Алайда, оны алдағы уақытта жыл сайын қайталау жоспарлануда.
«Биылғы жылы аталған акцияға елордада 30 автомобиль жүргізуші ер адам мен әйел адам атсалысты. Келесі жылы 200 ағаш отырғызуды көздеудеміз. Бұл біздің жылдан-жылға қаламыз көкорайға орансын деген мақсатымыз»,- дейді ұйымдастырушылар.
Экологиялық акция ертең, 1 мамырда 10.00-де Бөгенбай даңғылы 6Б (Астрахан тас жолы) мекен-жайында өтеді. Барлық тілік білдіруші елорда тұрғындары ағаш отырғызу акциясына қатыса алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz