1740

Мерекеде некелескен жастардың жұбы жазылмасын

Үйлену тойы – адам өміріндегі ең үлкен оқиға. 1- мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында елордадағы Әділет басқармасында 6 жас жұп шаңырақ көтеруге тілек білдірді. Жалпы 2013 жылдың 1-тоқсанында елордада 4000-ға жуық неке тіркелген.

Үйлену тойы – адам өміріндегі ең үлкен оқиға. 1- мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында елордадағы Әділет басқармасында 6 жас  жұп шаңырақ көтеруге тілек білдірді. Жалпы 2013 жылдың 1-тоқсанында елордада 4000-ға жуық неке тіркелген. Оның 600-ге жуығы интернационалды отбасының өкілдері.

Гүлнар Сағындықова, Астана қаласы Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы

 Бүгін бізде қазақ, орыс, украин, түрік тағы басқа ұлттың өкілдері некеге тұрды. Қазақстан халқының бірлігі күні осындай шара өтіп, жастардың болашаққа үлкен қадам жасап жатқаны қуантады.

Айман мен Джума бір көргеннен бір-бірін ұнатып, тіпті ұлтына қарамастан бір-бірін түсініскен. Сол түсінік болашаққа бастау болып, неке сарайының табалдырығына жеткізген. Осылайша «махаббат ұлтқа қарамайды»  дескен жастар берекелі де мерекелі, үлгілі отбасы болуға асық.

Айман Утуджу, қалыңдық:

Біз танысқаннан кейін небары 2-3 рет-ақ көрістік. Содан кейін бұл азаматтың менің өмірлік серігім болуға лайықты екенін сездім. Ал, одан мен өзімді оның жары болуға лайықты екенімді қалай білдің деп сұрағанымда, ол бір көргеннен-ақ білгенмін деп жауап берді.

Мариям Серікқызы да өзге ұлтқа келін болған. Бүгінде жолдасы екеуінің отасқанына 40 жыл болыпты. Жұп құрып, болашаққа бірге қадам жасағалы отырған жас-жұбайларға аналық батасын беріп, бақ тілеуге арнайы келіпті.

Мариям Нұржанова, батагөй ана:

Жолдасыммен отасқаныма 40 жыл болды. Тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Ал, отбасын осылай берік ұстап тұру үшін біріншіден - ақыл, екіншіден  - үлкен махаббат керек деп ойлаймын. Жастардың махаббаты берік болсын!

Некелескен жастар осындай атаулы мереке қарсаңында отау тіккендеріне қуанады. Ал, олардың қуанышын бөлісуге түрлі ұлт өкілдерінің би ансамбльдері шақырылып, мереке көркін кіргізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109