1955

Төлеген Мұхамеджанов: «Астана Таңдауы» байқауы Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясымен үндес

Танымал композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов «Астана Таңдауы» байқауы Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясымен үндес деп санайды.

Танымал композитор, қоғам қайраткері, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры  Төлеген Мұхамеджанов «Астана Таңдауы» байқауы Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясымен үндес деп санайды.

«Қала басшылығының бастамасы бойынша өткізіліп отырған «Астана Тандауы» байқауы өте өзекті мәселе. Біздің баршамызға аян, қазіргі қаланың «басты тірегі» болып отырған маңызды мамандықтар бар. Сондықтан, «Астана Тандауы» байқауына «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы» аталымдарының еніп отырғаны өте дұрыс.  Осы мамандық иелерінсіз бүгін біздің өмірімізді елестету мүмкін емес.  Олар бізді мектепке, жұмысқа апарады, емдейді, білім береді, жылу мен жарықпен қамтамасыз етеді. Үйімізде жайлылылық болуы үшін олар жан аямай еңбек етіп, уақытпен санаспайды. Менің ойымша, осындай әлеуметтік негіздерге бағытталған байқауларды жиі өткізіп тұрған жөн», - деді  Төлеген Мұхамеджанов.

Ол ең таңдаулы мамандықтарға жарияланған қалалық байқау, әсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясымен үндестігі арқылы айырықша өзекті болып табылады.

«Президент бүгінгі күні XXI ғасыр жағдайында еңбек ұлттық шешуші фактор ретінде бірінші кезекте тұруы қажет деген болатын. Байқау осы терең идеямен толық үндесіп жатыр. Менің ойымша, байқау қоғамға керекті маңызды мамандықтардың беделін арттырады», - деді композитор.

Еске салайық,  ең үздік – «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы»  мамандық иелерін іздеп тауып, жариялау. Аталған байқау олардың еңбектерін замандастарына кеңінен танытып қана қоймайды, кейінгі өскелең ұрпаққа осы мамандықтың қыры мен сырын көрсетіп, айтулы кәсіптің мәртебесін арттыруға мүмкіндік туғызады. 

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау  2013 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 1-нен 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды. 

 «Астана-Таңдауы» байқауының әрбір жеңімпазы «халық ықыласынан» басқа Астана қаласы әкімінің қолынан дәстүрлі кубок пен грамота алады. Ең үздік мамандық иелерінің еңбек жолы, өмірі деректі фильмдерге түсіріліп, еңбек майталмандарын өскелең ұрпақ біліп, үлгі алуы үшін «қаһармандардың» фотосы Астана көшелеріндегі билбордтарға ілінеді. Алайда, биылғы жылы бұрынғы дәстүрлі берілетін жүлделерге енді, Курортқа барып демалу, Астана күніне орайластырылған басқа да материалдық сый-сияпаттар қосылған. Ұйымдастырушылар «Астана-Таңдауы» 2013 қатысушыларына айырықша назар аударуда. Өйткені осы байқаудан бастап елорданың 15 жылдығын мерекелеуге дайындық басталған-ды. «Астана-Таңдауы» мерейтойға арналған іс-шаралардың ішінде айырықша аталып, әрбір аталым жеңімпаздары жеке-жеке құрметтелуімен аяқталады.

Байқауды ұйымдастыушылар қала тұрғындары мен қонақтарын үздік кәсіби тұлғалар туралы, мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com жолдауын сұрайды.  Барлық мәселелер бойынша  8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109