1454

Елордалық заңгерлер тұрғындар үшін тегін заң көмегін беруде

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында биылғы жылдың 2-нен 4 мамырына дейін Астана қаласында тегін заң көмегін көрсету үшін тұрғындармен заңгерлердің кездесуі өткізілді.

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында биылғы жылдың 2-нен 4 мамырына дейін Астана қаласында тегін заң көмегін көрсету үшін тұрғындармен заңгерлердің кездесуі өткізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет  департаменті мәлім етті. 

Акцияның негізгі өткізілу мақсаты азаматтарға заң көмегін көрсетіп, зейнеткерлерді, мүгедектер мен жетім балаларды, көпбалалы отбасын, Қазақстанның басқа да әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы азаматтарын қолдау болып табылады, - деп атап көрсетеді ведомство. 

Аталған іс-шараны табысты да нәтижелі өткізу үшін Департамент арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрып, құрамына Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандары мен сот орындаушыларын, нотариустер мен адвокаттар, сондай-ақ, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК, Жер қатынастары басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Балалардың құқығын қорғау департаменті, қалалық  Білім басқармасы, тағы басқа да органдар өкілдерін енгізді.

Кеше ақпараттық-насихаттық топ Заречный және Тельман кенттерінің тұрғындарымен, №6 кәсіби-техникалық колледж студенттерімен, сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында «Есіл ауданы Ардагерлер кеңесі» ҚБ еңбек ардагерлері мен кездесті. 

Ведомствода атап көрсеткеніндей, акция аясында 80-нен астам адамға заң көмегі берілді. Сауалдардың көпшілігі тұрғын үй  мен жер қатынастары басқармаларына бағытталды. Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттық топ қызметкерлері зейнетақы есептеу, негеге тұру мен неке бұзылуына, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мен көпбалалы аналардың жәрдемақы алуларына байланысты құжаттардың реттелуіне, тағы да басқа әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Бүгін акция одан әрі жалғасып, ақпараттық-насихат топ мүшелері Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығынада тегін заң көмегін ұсынуда. 

«Әділет кеңес береді» үш күндік акциясы ертең, 4 мамырда «Ашық есік күні» акциясымен аяқталады. 

Ертең 11.00-де Әділет басқармасының басшысы бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.  11.15-тен 12.00-ге дейін қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын заң факультеттерінің студент-жастарымен кездесу өтеді. 

Ал, 12.00-ден 14.00-ге дейін қала тұрғындарының құқықтық кеңес алуы үшін «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылады.  Мұнда да Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандары мен сот орындаушылары, нотариустер мен адвокаттар, сондай-ақ, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК, Жер қатынастары басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Балалардың құқығын қорғау департаменті, қалалық  Білім басқармасы, тағы басқа да органдар өкілдері тегін заң көмегін көрсетеді. Кез келген тілек білдіруші келіп, білікті маман заңгерлер мен қалалық Басқармалар өкілдеріне көкейінде жүрген өзін толғандыратын сауалдарды қоя алады. 

Ведомствоның нақтылауынша, барлық кездесулер Жеңіс даңғылы, 15 мекен-жайда орналасқан Әділет департаментінің конференц-залында өтеді.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109