1480

Қоғамдық көлік – қала мәдениетінің айнасы

Таңның атысы, кештің батысы Баян Кенжебекқызының өмірі жол үстінде өтіп келеді. Кейіпкеріміз 8 жылдан бері қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейді

 Таңның атысы, кештің батысы Баян Кенжебекқызының өмірі жол үстінде өтіп келеді. Кейіпкеріміз 8 жылдан бері қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейді.  Қиын да болса, қызығы мен шыжығы қатар жүретін кәсіптен нәсібін тауып жүргеніне өзі дән риза. Жұмыс барысында жолаушылармен сөзге келіп қалатын жағдайлар да кездеседі.

Баян Кенжебекқызы, қоғамдық көлік кондукторы:

Халықпен жұмыс істеу өте қызықты. Болған қиындықтарды жеңуге тырысамыз. Жұмыстағы жағдайды үйге, үйдегі жағдайды жұмысқа әкелмеуге тырысамыз. Әр түрлі жолаушы бар. Күніне  мыңдаған жолаушымен жүздесіп, кездесеміз. Әрқайсысының мінезі әр түрлі, мінез-құлқына қарай тіл табысуға тырысамыз.

Қоғамдық көлік қызметкерлері мен жолаушылар арасындағы кикілжіңнің алдын алу үшін Астана қаласының №1 автобус паркінде 6 мамырдан 12 мамырға дейін  «Әдептілік аптасы» өтеді. Осыған орай бүгінде психолог автопарктегі жүргізушілер мен кондукторларға  «Шиеленісті шеше біл» шеберлік дәрісін өткізіп, қоғамдық көлікте тәртіп сақтау, жолаушыға қызмет көрсету сапасын пысықтауда. Айта кетейік, аталған шара «Астана-таңдауы» байқауы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Сергей Богатырев, №1 автобус паркі АҚ басқарма төрағасы:

Өкінішке орай, мұндай тренингтер сирек өткізіледі. Негізі біз автопарк жүргізушілері мен кондукторларын жұмысқа қабылдамас бұрын кәсіби орталықта оқытамыз. Онда жол ережесі, жолаушылармен жұмыс істеу, техникалық қауіпсіздік, өрт болған жағдайда не істеу керек соның барлығын үйретеміз.

Бүгінде қала тұрғындарының көпшілігі қоғамдық көлікпен жүреді. Олардың қатарында қала қонақтары да бар. Сондықтан кондукторларға  таңертең жұмысқа, кешке үйге асыққан жергілікті тұрғындармен қатар сырттан келген  қонақтарының көңілін табуға да тура келеді. Айта кетейік, қала мәдениетін қалыптастыруда қоғамдық көлік маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Меруерт Жүнісбек, психолог:

Біздің мақсатымыз қоғамдық көлік қызметкерлеріне өзін-өзі мәдениетті ұстау, жолаушымен дау туа қалса,  ушықтырмау басу  жөнінде жан-жақты ақпарат беру. Сол үшін «Әдептілік аптасы» ұйымдастырылды.  Адам өзі қаласа, мінезін өзгертуге болады.

Өткен жылы «Астана-таңдауы» байқауында №1 автопарк жүргізушісі жеңімпаз атанған. Автопарк басшылары биыл да сол жеңісті қолдан бермеу үшін барынша атсалыспақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109