1550

Әрбір оныншы республика тұрғыны жұмыс үшін Астанаға келуге дайын

«Астана-Таңдауы» байқауы елорданың әлеуметтік саласының мамандарын қамтып, қарапайым қалалықтардың ғана емес, рекрутингтік компаниялардың да қызығушылығын оятты.

«Астана-Таңдауы» байқауы елорданың әлеуметтік саласының мамандарын қамтып, қарапайым қалалықтардың ғана емес, рекрутингтік компаниялардың да қызығушылығын оятты. Қазір «халықтық дауыс берудің» арқасында Астанада бүкіл қала білетін жоғары білікті мамандар базасы қалыптасуда. Байқауда жеңіске жеткеннен кейін бұл мамандық иелерінің «қажеттілігі» тағы да бірнеше есе көтеріледі, - деп түсіндіреді HeadHunter Қазақстан компаниясының маркетинг және PR жөніндегі директоры Марина Сакиева.

- Бүгін Астанада  еңбек нарығында әлеуметтік мамандықтар (дәрігер, ұстаз, құрылысшы, қоғамдық көлік жүргізушісі, тағы басқалар) арасында қандай тенденция қалыптасқан?

- Астаналық еңбек нарығында жұмыс берушілердің де жұмыс іздеушілердің де сұранысы жоғары. Қазақстан HeadHunter зерттеу орталығы өткізген жақындағы сауалнаманың қорытындысы бойынша, еліміздің әр жерінен әрбір оныншы тұрғын елордаға жұмысқа келуге дайын. Барлық қалалардың ішінде тек осы бас қала ғана жұмыс іздеушілердің назарын аударып отыр. Еліміздің қаржы, экономикалық және саяси орталығы ретінде Астана жұмыс берушілердің де белсенді сұранысын туғызуда. Сонымен қатар, еңбек нарығында әлеуметтік мамандықтарға деген сұраныс қашанда өзекті күйінде қалуда. 2012 жылғы Қазақстанның еңбек нарығын зерттеу қорытындысы бойынша,  hh.kz сайтында бос жұмыс орындарының өсуі  әрбір ай сайын – жұмыс берушіліктің пәрменді артқандығын көрсетеді. Тиісінше, ол «Білім, ғылым», «Көлік логистика», «Медицина, фармацевтика», «Өндіріс» және «Құрылыс, жылжымайтын мүлік» саласында орта есеппен 10%, 14%, 9% и 13% дейін ұлғайған.

- Жұмыс берушілер әлеуетті жұмысшыларға қандай түбегейлі талаптар қояды?

- Жұмыс берушілер, сөзсіз, қажетті саладағы табысты еңбек тәжірибесі бар үміткерлерді табуға мүдделі. Дегенмен, жұмыс тәжірибесі жұмыс іздеушінің түйіндемесіндегі ең басты қажетті тармақ емес. Түбегейлі талаптарға жеке мінездемесі, түрлі жағдайларға бейімделе білуі, адамның өзін-өзі жетілдіріп, өз құзіретін тиімді пайдалана білуі жатады. Қазіргі ұшқырлық әлемінде ең басты қасиеттердің бірі – уақытпен үндесе алға ұмтылу және өзін жетілдіріп, оңтайландыруға деген құлшыныс болып табылады. 

- Еңбек нарығында байқау жеңімпазының «құны» арта ма?

- Мұндай басымдыққа ие болу үміткердің «бағасына» шынында да өте жақсы әсер етуі мүмкін, сол жағдайда, егер маман алған білімі мен дағдысын табысты жүзеге асырып, ал жеңісі нақты мақсатқа бағытталса ғана.  Маманның түйіндемесіндегі кәсіптік байқаулар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жетуі, сөзсіз,  біліктілігін көтергені, қосымша курстар мен тренингтен, тағы басқалардан  өткені  сияқты оның мәртебесін көтереді. 

- Сіздің ойыңызша, «Астана-Таңдауы» байқауы жеңімпазына қандай марапат лайық?

- Қазақстан HeadHunter компаниясы өткізген сауалнамалар көрсеткеніндей, қызметкерлер үшін ең негізгісі материалдық көтермелеу болып табылады. Алайда, сұрау салынғандардың тең жартысы карьерлік сатымен жоғары көтерілу де көтермелудің оңтайлы жолы екендігін мойындайды. Кәсіби маңызды, беделді  байқаулардың қорытындысы бойынша көпшіліктің таңдауына ие болу – бұл бірінші кезекте, маманның еңбегін бағалау, екіншіден, өзі таңдаған мамандығының дұрыстығымен оны жүзеге асу жолының нақты екендігін сезіну.

Еске салайық, «Астана Таңдауы» жалпықалалық байқауының міндеті ең үздік – «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы»  мамандық иелерін іздеп тауып, жариялау. Аталған байқау олардың еңбектерін замандастарына кеңінен танытып қана қоймайды, кейінгі өскелең ұрпаққа осы мамандықтың қыры мен сырын көрсетіп, айтулы кәсіптің мәртебесін арттыруға мүмкіндік туғызады. 

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау  2013 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 1-нен 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды. 

Байқауды ұйымдастыушылар қала тұрғындары мен қонақтарын үздік кәсіби тұлғалар туралы, мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com жолдауын сұрайды.  Барлық мәселелер бойынша  8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады.

*HeadHunter компаниялар тобы интернет-рекрутмент нарығында 2000 жылдан жұмыс істейді. Қазіргі кезде hh.kz сайты жұмыс іздеу мен персоналдарды жалдау үшін ең үздік онлайн ресурс болып табылады. HeadHunter жұмыс іздеушілер үшін де, жұмыс берушілер үшін де ыңғайлы  тетіктерді ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109