1572

Ардагер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне майдан естеліктерін айтты

Елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері бұл күнді ұзақ уақыт есте сақтайтын болады. 8 мамыр күні олар майдан даласындағы отты жылдардан естеліктер айтқан Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесті.

Елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері бұл күнді ұзақ уақыт есте сақтайтын болады. 8 мамыр күні олар майдан даласындағы отты жылдардан естеліктер айтқан Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесті.

ҰОС ардагері Александр Савельевич Безродовты балалар үйінің тәрбиеленушілері үрмелі оркестрмен, гүл шоқтарымен қарсы алды.

 Акт залының сахнасы соғыс жылдарынан тарихи көріністер беріп, шатырмен, алаумен, солдат ботқасын үстелге қойып, еліне хат жазған жауынгердің бейнесінде өрнектелді. 

Кездесу барысында ардагер елімізде соғыс оты шарпымаған бірде-бір отбасы жоқтығын тілге тиек етті. «Осы қан төгісте халқымыз жиырма миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Осындай аға ұрпақтың қанымен келген жеңіс адамзатқа қуаныш пен еңбек сыйлады. Қазіргі өскелең ұрпақ осы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның қадірін білуі керек», - деді ардагер.

Мерекеде соғыс жылдарғы әндер орындалып, «Көк орамал», «Жер бетіндегі бейбіт күн», тағы да басқа хореографиялық қойылымдар қойылды. 

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Александр Савельевичті қамқорлықтарына алғандарын да айта кеткен жөн. Мереке қарсаңында балалар ардагердің үйіне барып, бөлмелерін жинап, тазалап, үй шаруасына көмектесті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109