1435

Соғыс салған жара санасында жаңғырады

Соғыс жылдары толарсақтан қан кешіп, өмір мен өлім тайталасын көрген 18 жастағы Екатерина Плужникова бүгінде 89-шы көктемін қарсы алып отыр.

Соғыс жылдары толарсақтан қан кешіп, өмір мен өлім тайталасын көрген 18 жастағы Екатерина Плужникова бүгінде 89-шы көктемін қарсы алып отыр. Майданда пошташы қызметін атқарған кейіпкеріміз от пен оқтың арасында жаралы солдаттарды емдеп, керек болса, қолына қару алып, қасқайып жауға қарсы шығатын күндер де болды деп еске алады.

Екатерина Плужникова, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Соғыс басталғанда мен небары 17 жаста едім. Ол кезде біз Мәскеуде тұрдық. Соғысқа барамын деп едім, бауырларым жібермей қойды. Содан, Мәскеуден 400 шақырымда орналасқан Мичуринск деген жерге қоныс аудардық. Жағдай қиын болды, таңның атысы, кештің батысы жан-жағымыз айғай-шу, жарылған бомба, атылған оқтың дыбысы.

Бүгінде ардагер сұм соғысты көзіне жас алмай еске ала алмайды. Ананы баладан, баланы анадан айырған қан майдан адамзатқа оңай тимегені анық. Соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да, әлі санаға салған іздері өшпей келеді. Міне, 9-мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Екатерина Плужникова Әлия Молдағұлованың ескерткішіне  гүл шоқтарын қойып, соғыста опат болған жауынгерлерге тағзым  етті.

Екатерина Плужникова, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Мен кейіннен қосымша полк қатарына шақырылдым. Тылдан майданға, майданнан тылға жолданған хаттарды іріктеп, жеткізіп отырдық. Бір қызығы, мені көрген жауынгерлер «Катюша, Катюша» деп айғайлап шақыратын, ал қолға түскен немістер жан-жағына қарап «Катюша» қайдан келе  жатыр деп зәресі ұшатын. Одан бөлек жаралы солдаттардың жарасын таңып, қолымыздан келгенше көмек көрсеттік.

Ардагер жауынгерлермен бірге Сталинградтан бастап Румыния, Молдавия, Чехославакия, Югославия, Венгрияны азат етуге қатысқан. Ал, 1946 Қазақстанға келіп, бақытын қазақ жерінен тапқан. Айта кетейік, бүгінде Астанада 291 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі, 4534 тыл ардагері, 39 неміс тұтқыны, 1873 ҰОС-қа  қатысқандар мен мүгедектеріне теңестірілгендер, ҰОС қайтыс болғандардың (хабарсыз кеткендер) 6 жесірі және 39 ҰОС мүгедектерінің жесірлері тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109