1477

Елордада жас өрт сөндірушілер таңдалды

Елордада жас өрт сөндірушілер жасағы арасында өрттен құтқару спорты бойынша қалалық жарыс өтті, - деп хабарлайды Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Елордада жас өрт сөндірушілер жасағы арасында өрттен құтқару спорты бойынша қалалық жарыс өтті, - деп хабарлайды Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, биылғы жылдың басынан бері елордада 293 өрт тіркеліп, 5 бала көз жұмған. Өрт балалардың шалағайлығынан болған. Өкініштісі, тілсіз жау сол бүлдіршіндердің өмірін қиып кетеді. 

Жас құтқарушылар жасағын құрудағы мақсат- балаларды ерлікке баулып, олардың бойларында азаматтық борыш пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру болып табылады. 

Мамырдың бірінен бастап Астанада өрттен құтқару спорты бойынша жас өрт сөндірушілер жасағы арасында аудандық іріктеу жарыстары өткізілді.  Өрттен құтқару спортының кейбір түрлері енгізілген спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Финалға елорданың №20,22,24,30,35,45 мектептерінен 6 команда қатысты.

 «Аталған іс-шара бірінші кезекте оқушылардың бойында түрлі тосын жағдайларда абдырап, саспай тез шешім қабылдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Осы жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары мамандандырылған оқу орындарына оқуға түсетін болса, бұл дағдылары оларға көмектесері сөзсіз», - дейді Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Орал Әбдірахманов. 

Жарыстың қорытындысы бойынша  №45 мектеп командасы жеңімпаз атанса, екінші орын №20 мектепке, үшінші орын №24 мектепке бұйырды. «Үздік шығарма» байқауы бойынша №20 мектеп оқушысы Светлана Хакімова; үздік сурет байқауы бойынша №35 мектеп командасы жеңіске жетті.     

«Спорттық жарыстың жеңімпаздары грамоталармен, кубокпен, сондай-ақ, спорттық құрал-жабдықтармен марапатталды.

Бірінші орын алғандарға, футболшы киімі, екінші орынға - волейбол торы мен волейбол добы, ал үшінші орынға мектеп үшін 3 футбол добы тапсырылды», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109