1502

Жаңа орталық мүгедек, жетім, мүмкіндігі шектеулі жастарға қол ұшын созады

Болашақ жастардың қолында деген тіркесті жиі естиміз. Алайда, 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың барлығының білім алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар ма?

Болашақ жастардың қолында деген тіркесті жиі естиміз. Алайда, 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың барлығының білім алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар ма? Өкінішке орай, қордаланған мәселелер жоқ емес. Мәселен, бүгінде елімізде 40 мыңға жуық мүгедек бар екен. Соның ішінде 17 000—ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан Астанада тұрады. Ал, мұндай мүмкіндігі шектеулі жастардың жұмысқа орналасуы оңай емес. Одан бөлек, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің де құқықтарының толық сақталуы екіталай. Міне, осы мәселелерді мезгілінде шешу үшін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан мүгедек, жетім, мүмкіндігі шектеулі жастарға көмектесу мақсатында жаңа орталық ашылды.

Сергей Белов,  «Қазақстанның азаматтық Альянсы» жастар саясаты жөніндегі  бейімдік комитетінің төрағасы:

Біз мүмкіндігі шектеулі жастардың қоғамда өз орнын табуына көмектесуді мақсат етеміз. Атап айтсам, психологиялық, жұмысқа орналастыру, заң жөнінен кеңестер беру жөнінде көмектер көрсетіледі.  Айта кетейін, бұл жерде ешкім біреудің есігін қағып, жұмысқа алуын сұрамайды. Біз жастарға тек бағыт-бағдар беріп, өзін ортада қалай ұстау керектігін, жұмысқа орналасу үшін қандай қағидаларды біліп, өз құқығын пайдалана білуді үйретеміз.

Карина Марзағұлова аталған орталықтан жеке мәселелері бойынша көмек сұрай келіпті. Орта  арнайы білімі бар бойжеткен жұмысқа орналасу кезінде кедергілерге тап болған көрінеді.

Карина Марзағұлова, қала тұрғыны:

Маған, біріншіден,  психологиялық көмек керек болды. Өйткені,  жұмыс іздеп, қажып кеттім. Енді 40 минуттың ішінде мәселелерім біржақты болып, әрі жұмысқа орнанасып кететін сияқтымын.

Айта кетейік, аталған мекеме сенім телефоны және теледидардағы жүгіртпе жолдар мен жастарды жеке қабылдау арқылы жұмыс жүргізбек. Жастармен кәсіби психологтар мен заңгерлер жұмыс істейді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109